Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте үстел теннисінен спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараға әр жастағы оқушылар белсене қатысып, өзара жарысып, жақсы көңіл күй мен сергектік сыйлады. Бұл ойын оқушылардың жылдамдық және дәлдік дағдыларын дамытуға оң әсер етті.
Спорттық іс-шараның жетекшісі: Спанқұлов Қ.
![]()
![]()
Қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде «Қысқы көңіл» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Балалар өз туындылары арқылы қыстың әсемдігін, көңілді сәттерін, табиғат көріністерін бейнелеп, ерекше қиял мен шеберліктерін көрсетті.
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар беруші педагог А.Төлендиеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларымен «Көп еңбек еткенге – бақыт басын иеді» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, еңбекқорлықтың, табандылық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Кездесу қонақтары:
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай АӘТД пәнінің мұғалімі Қ.Спанқұловтың ұйымдастыруымен «Ел қорғаны – ер жүрек жас сарбаз» тақырыбында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері арасында әскери-спорттық сайыс өтті.
Іс-шара барысында жас сарбаздар саптық дайындық, әскери эстафета, күш пен жылдамдықты талап ететін түрлі кезеңдерде өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ




