Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

2026 жылғы 20 қаңтар күні Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Кездесуге Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы Қ. Ахметов және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бірлестігінің төрағасы Б. А. Джапабаев қатысты.
Шара барысында оқушыларға Құрлық әскерлері әскери институты (Алматы), Әуе қорғаныс күштері әскери институты,
Радиоэлектроника және байланыс әскери институты (Алматы) туралы  толық мәлімет берілді.
Кездесу оқушылардың әскери мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт берді.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Нұрланқұл Мияткүл «Зиянды әрекеттерге жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашақ өміріне тигізетін кері әсері кеңінен түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің өмірде дұрыс таңдау жасай білуі, өз жауапкершілігін сезінуі және жағымсыз әрекеттерден аулақ болуы жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шара оқушылар үшін мазмұнды өтіп, өз ойларын ашық айтуға, сұрақ қойып, пікір алмасуға мүмкіндік туды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларымен Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының заңгер маманы Анықбаева Мөлдір «Өз құқығыңды білу сауаттылығы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңгер маман жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Кездесу оқушылар үшін танымдық әрі пайдалы болып, заңды білу – қауіпсіз әрі жауапты болашақтың кепілі екені айтылды.

Өнер мектебі КМҚК Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп филиалында «Қолданбалы сәндік өнер» үйірмесінің жетекшісі А.Сарсенбекова.

2026 жылдың қаңтар айының бір апталық жұмысы.
Үйірменің мақсаты – оқушыларға қолданбалы сәндік өнердің жаңа бағыттарын таныстыру, қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Үйірме барысында оқушылар түрлі материалдармен жұмыс жасап, өз қиялдарын ұштап, ұлттық және заманауи қолөнер элементтерін үйлестіре білді. Үйірме жұмыстары оқушылардың қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу мен өнерге деген сүйіспеншілігін нығайтты.
             619551092 1952621372342137 7808980848420552831 n            617422187 1952621415675466 5629115199923852742 n
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ