Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында ШУ10 колледждің өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында колледж мамандары оқушыларды өз оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, оқу шарттары мен қабылдау талаптарымен таныстырды. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт-бағдар алуына үлкен үлес қосты.
Дайындаған:Төлендиева Айгерім

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 30.01.2026жылы 9–11 сынып оқушыларына арналған «Ұстаз» көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шара кәсіби бағдар беруші педагог Төлендиева Айгерімнің ұйымдастыруымен мектептің АКТ залында өтті.
Фильм барысында ұстаз мамандығының маңызы түсіндіріліп, ҰБТ-ға дайындық кезінде болашақ мамандықты саналы таңдаудың қажеттілігі айтылды.
Іс-шара соңында мектептің жас мұғалімдері демеушілік танытып, оқушыларға жүгері таяқшалары мен сағыздар таратты. Бұл оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, іс-шараның әсерлі өтуіне ықпал етті.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде психолог Ж.Тилеулиева 11 сынып оқушыларымен «Дұрыс таңдаған мамандық жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру, өз қабілеті мен қызығушылығына сай кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру, болашаққа саналы түрде жоспар құруға үйрету және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.

🔹 Мақсаты:
– Оқушыларға күнделікті өмірде, мектепте және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
– Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету;
– Жауапкершілік пен сақтық мәдениетін қалыптастыру.
Қауіпсіздік – әрбір адамның басты құндылығы!

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ