Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде тарих пән мұғалімі Дуйсенбаева Асемнің ұйымдастыруымен 7- сыныптар арасында "Қызық екен" интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,сөздік қорын молайту,дүниетанымдық қасиеттерін кеңейту.Дода тартысты өтті.1- ші орынға 7А"- сыныбы ие болса,2-ші орын 7"Ә"-сыныбы бұйырды.Жеңімпаздар марапатталып,мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Абдикеримов Елдар Маликхановичтің ұйымдастыруымен 5- сыныптар арасында "Тарих әлеміне саяхат" тақырыбында ойын сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарихи білімін бекіту.Логикалық ойлау,топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.Тарихқа деген қызығушылығын арттыру.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Зиянды тағамдардың бала денсаулығына әсері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында оқушыларға арналған танымдық баяндама өткізілді. Іс-шараны мектеп медбикесі Ж. Жексенбетова мен әлеуметтік педагог Н. Әутен ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, зиянды тағамдардың бала ағзасына тигізетін кері әсерін көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу болды.
Баяндама барысында фастфуд өнімдері, газдалған сусындар, тәтті және майлы тағамдардың адам денсаулығына тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану ережелері мен алдын алу жолдары туралы пайдалы мәліметтер берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.
Іс-шара қорытындысында оқушылар дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы маңызын түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар алды.

Мәлік Ғабдуллин орта мектебінде  "Ұшқыр ой"  дебат алаңының жетекшісі : Дуйсенбаева Асем Маратовнаның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздікке 35 жыл"тақырыбында 10-сыныптар арасында мектепшілік пікір-сайыс турнирі өтті.Қатысқан 4 фракцияда берілген қарарларды ашық талқылап,нақты фактілермен дәлел келтіріп,өз пікірлерімен бөлісе білді.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ