Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мақсаты: тарих пәндері сабағында оқушылардың тарихи тілмен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Айлық барысында жүргізілетін жұмыс жоспары таныстырылылды.Тапсырмалар ойын түрінде өтіп,оқушылардың қызығушылығын оятты. Е Мәлікханұлы "Монополия"әдісін,  Ғ. Есенгелдіұлы "Мерген"әдісін, А. Маратовна "Квест"әдісін М. Әмедқызы "Сұрақ-жауап"әдісін қолдана отырып, тарихи қызықты сұрақтар арқылы    оқушылардың  қызығушылығын арттыра білді.

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заңға құрмет-тәртіп кепілі» акциясы аясында «Заңды сақтау – азаматтық борыш» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Біз заңды құрметтеу арқылы жауапкершілігі жоғары, саналы қоғам қалыптастырамыз.
Осы орайда жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында эссе байқауы өткізілді.
Байқау міндеттері:
әділдік пен жауапкершілік жайлы ой толғау;
– заңға бағынудың маңызын өз көзқарасын жеткізу;
– белсенді азаматтық позиция таныту.
Байқау нәтижесінде: тақырыпқа сай, мазмұны терең, өзіндік көзқарасы бар эсселер іріктеліп, оқушылар марапатталады.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында білім алушыларға ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру, ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу, білім алушылар қазіргі заманға лайық техникалық құралдарды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастыру бойынша "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен "Ұялы телефонды дұрыс пайдалану мәдениеті" тақырыбында түсіндіру шаралары жүргізілді.

⚖️Сондай-ақ "Заң-бәріне ортақ! тақырыбында оқушылар арасында желіде тараған видеоға қатысты талдау жүргізілді.
⚖️"Заң және тәртіп" айлығы-жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адал азамат қалыптастыруға бағытталған маңызды кезең.

14.01.2026 ж Мәлік Ғабдуллин орта мектебінде тарих пән мұғалімі Дуйсенбаева Асем Маратовнаның ұйымдастырумен "Тарих тереңінен -болашақ биігіне" айлығының жоспарына сәйкес жас мамандар және тәжірибелі ұстаздар арасында "Қызық екен" интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайыс тартысты әрі әділ өтті.Мектеп ұстаздары білімді де,білікті мамандар екенін дәлелдей білді.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ