Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында 8-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Е.Абдикеримов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бармешова, Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Н.Омарбаев, «Азамат» ұлдар ұйымының жетекшісі Ш.Қожагелді мен Ғ.Текебаев қатысты. Жиналыста оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында мопед, мотоцикл айдамау, құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін сақтау, тәртіп пен жауапкершілік жайында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектебімізде ерекше әрі жүрекке жылу ұялатар іс-шара өтті. Бүгінде еліне еңбек сіңіріп жүрген азамат Ақботаев Айбек Мұратұлы өз туған мектебіне құнды сыйлық – жаңа компьютер тарту етті.
tps://www.facebook.com/share/v/1FVr6CBH45/
Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өміралиев Ержан Көкірекбайұлы бастаған аудандық мобильдік топтың қатысуымен жасөспірімдерге қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары, оның алдын алу, жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттарын ашу, буллингтің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Қызды тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу"






