Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде қазақтың жауынгер жазушысы, батыр тұлға Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Спанқұлов Қайраттың ұйымдастыруымен мектептер арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

     Шараның мақсаты – жас ұрпаққа батырдың ерлігін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт арқылы достық байланыс орнату.
     Жарысқа қатысқан барлық оқушылар жоғары спорттық шеберлік пен белсенділік танытты.
     Іс-шараға демеушілік танытып, қолдау білдірген Ауған соғысының ардагері Жансейітов Әсет ағамызға мектебіміз атынан шынайы алғыс айтамыз. Осындай азаматтарымыздың үлгісі – өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие.
     Спорт – бірлік пен жігердің бастауы!
Қатысушыларға алғыс айта отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар беруші А.Төлендиеваның  ұйымдастыруымен "Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным" тақырыбында 9-11сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. 

Мақсаты: Мемлекеттік қызметкердің кәсіби мәдениеті және беделі: 
Халықпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері: 
Мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру тетіктері: 
Жастарға арналған мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері.
 
 
                                                                                                                              bba85d17 b769 448d a30f 2a3d01e355e0

Іс шарада Кеңес Одағының Батыры, әйгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі, педагог Мәлік Ғабдуллиннің өнегелі өмір жолы мен ерлігі кеңінен насихатталды. Оқушылар мен қатысушылар батырдың ұлт руханиятына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері мен ерлік жолдары туралы тың ақпарат алды.

 Кеш барысында:

Батырдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндамалар тыңдалды. 

Деректі материалдар көрсетілді. 

Оқушылар өлең оқып, ерлік жолы туралы сахналық көрініс қойылды. Өз ой-пікірлерімен бөлісті. Батырдың азаматтық болмысы мен білімпаздығы жастарға үлгі ретінде дәріптелді.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің  9-сынып білім алушылары  жұмысшы мамандықтар  бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шу қаласы №10 Шу колледжі базасында ұйымдастырылған  «Ашық есік»  күніне қатысып,  колледждің  білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ала отырып,  оқу кабинеттері мен зертханаларына экскурсия жасады. 

 
   Іс-шараның мақсаты — мектеп бітіруші оқушыларға дұрыс мамандық таңдау бағытында кеңес беру, түрлі салалар бойынша ақпарат беру және болашаққа сенімді қадам жасауға қолдау көрсету.
 
    Кездесу барысында оқушылар мамандықтың қыр-сыры, еңбек нарығындағы сұраныс, оқу орындарына түсу талаптары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауап ала білді.
 
Аталған іс-шара оқушылардың көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандығын анықтауға үлкен серпін берді.
Кәсіптік бағдар беру педагогі:Төлендиева Айгерім
 
                                      cbef10c6 d550 4230 b905 332846d54753     ff26de1f aa9e 44ff b109 fdec3f5ae066       3e1a11d1 e4b2 43ab afb0 a229709e29b9
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ