Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Кеңес Одағының батыры, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы

Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай, 10 "А" сынып оқушыларының арасында "Мәлік Ғабдуллиннің филология ғылымына қосқан үлесі" атты ғылыми конференция болып өтті.
 
Конференцияға 10 "А" оқушылары: Амангелді Назым, Жұмабек Гүлнұр, Байтұрған Заңғар, Райымқұл Аида, Қыдырбай Досым, Дулатбай Арайлы қатысып, өз зерттеу жұмыстарын  ортаға салып, ойларымен  бөлісті.
 
                                                                                            Сынып жетекшісі: Смайыл Аян Байтұрғанұлы
 
594960732 1914626752808266 2442854698403584550 n

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 2 сынып жетекшісі

Г.Таңсықованың ұйымдастыруымен 
«Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау»  тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізді. 
      Мақсаты: Ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтауға, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тануға және мазасыздық сигналдарына дұрыс әрекет етуге дайындығын қалыптастыру. 
🔰 Мазмұны:
📌1. Ата-аналардың мазасыздық деңгейін төмендету
📌2. Баланы эмоционалдық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру
📌3. Ата-аналарға өз жағдайын тұрақтандыру әдістерін үйрету

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатындағы түнгі рейд» — бұл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда немесе ойын-сауық орындарында болуын шектеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шарасы.

   Мақсаты:
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау;
Балалардың түнгі уақытта заңсыз немесе қауіпті ортада болуына жол бермеу;
Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;  
     Рейд уақыты мен бағыттары:
Кешкі және түнгі уақыттарда (сағат 23:00-ден кейін);
Көше, дүкен маңы сияқты жерлерді қамтиды. 
    Рейд барысында атқарылатын іс-шаралар:
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жалғыз жүру фактілерін анықтау;
Ата-анасыз жүрген балаларды үйіне жеткізу немесе ювеналды полицияға тапсыру;
Балалармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізу.
    Нәтижесі бойынша:
Арнайы акті немесе есеп толтырылады;
Қажет болған жағдайда ата-аналарға ескерту немесе әкімшілік айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 442-бабы  бойынша)
 
                                                                         555ef044 c0ce 472d acca 174328da3670

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде  "Баланың қауіпсіздігі бәрінен маңызды" жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен амандығын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға мектеп директоры Абдикеримов Елдар Маликханович, ауыл әкімі Сандыбаев Данияр Көкталұлы және полиция қызметкерінің өкілі Омарбаев Нұрсұлтан Еркінұлы қатысып, маңызды баяндамалар жасады. Олар ата-аналармен бірге қауіпсіздік шараларын күшейту, мектеп пен үй арасындағы жауапкершілікті бөлісу, балалардың тәртібі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерін сөз етті.
Жиналыс өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Балаларымыздың болашағы мен амандығы – ортақ міндетіміз. Бірігіп әрекет еткенде ғана қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз!
                                                                                         016ae5d9 01dd 485e 9853 76b4fe75da66
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ