Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп кітапханасы, батыр, жазушы, әдебиет зерттеушісі, академик Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай мектеп көрермен залында “Ер есімі – Ел есінде” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме 5-9 сынып оқушыларына арналды.
Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа Мәлік Ғабдуллиннің ерлік жолы мен өмірі туралы мағлұмат беру, оның отансүйгіштік, батырлық, адамгершілік қасиеттерін насихаттау, оқушылардың бойына елге деген құрмет сезімін ұялату.
Көрмеге батырдың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын 11 томнан тұратын еңбектер жинағы, “Менің майдандас достарым”, “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” секілді кітаптары, сондай-ақ батырға арналған естеліктер мен деректі материалдар қойылды.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға көрме материалдарын таныстырып, батырдың өмірі жайлы қысқаша мәлімет берді. 5-9 сынып оқушылары өздері дайындаған өлең шумақтарын оқып, арнау сөздерін айтты. Іс-шара соңында “Ер есімі – ел есінде” деген қанатты сөздің мәніне тоқталып, Мәлік Ғабдуллиннің ұлт тарихындағы орны ерекше екені түсіндірілді.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 15 қараша күні «Ұлттық валюта – теңге күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар теңгенің шығу тарихымен танысып, қазіргі жаңартылған үлгідегі банкноттар мен тиындарды тамашалады. Сонымен қатар, ақшаға не сатып алуға болмайтыны және не сатып алуға болатыны туралы түсінік берілді. Бұл көрме оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырып, ұлттық валютамызға деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ




