Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде отбасы құндылықтарын насихаттау,отбасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық,достық қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатында кітапханашы Д.Назарованың ұйымдастыруымен «Отбасы-тәрбие бастауы» атты фото көрме және «Отбасы-тәрбие мектебі» тақырыбында бұрыш жасалынып, оқушыларға таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жариялаған 2025 жылдың 17 қазан – 17 қараша аралығындағы Мектеп кітапханалары айлығы аясында, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбымен «Балалар кітапханасында» жобасы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында “Мен және кітап” атты 5-7 сынып оқушылары арасында қабырға газет байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жариялаған 2025 жылдың 17 қазан – 17 қараша аралығындағы Мектеп кітапханалары айлығы аясында, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбымен «Балалар кітапханасында» жобасы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында “Отбасылық оқу” атты фото сурет байқауы 8-сынып оқушылары арасында өткізілді.





